Еуропа және ОА Бюро секторының меңгерушісі Сергиус Гловацкастың құттықтау сөздері

«AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтау сөздері:
Еуропа және ОА Бюро секторының меңгерушісі Сергиус Гловацкас
Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне! Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ең ауқымды және құзыретті ұйымның көшбасшыларына!
Бүгінгі таңда 187 мемлекет халықаралық еңбек ұйымының қатысушылары болып табылады. Қазақстан ұйымға 1993 жылы мүше болды. ХЕҰ -ың негізгі мақсаттары – әлеуметтік-экономикалық прогреске жәрдемдесу, адамдардың әл-ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту, адам құқықтарын қорғау. Біз трипартизм мен әлеуметтік диалогты нығайтуға тырысамыз. Бұл адамның негізгі құқықтарын қолдауға, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге, Халықаралық еңбек нормаларын конвенция мен ұсынымдар түрінде қабылдауға бағытталған халықаралық саясат пен бағдарламаларды әзірлеу арқылы, олардың сақталуына бақылау жасаудың бірегей жүйесімен, кәсіби дайындық пен оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Мен «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы бұл жұмысқа белсенді қатысатынын білемін. 2022 жылы Женевада Халықаралық еңбек конференциясының 110-шы сессиясы өтті. Оның жұмысына қазақстандық делегация құрамында Кәсіподақ төрағасы, Қазақстан еңбек Конфедерациясы Бас хатшысының бірінші орынбасары Бақытжан Тәжібай қатысты. Сессия жұмысында медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек мәселелерін көтеріп, басқа да бірқатар мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Бұдан ертерек, 2019 жылдың қазан айында Астанада Халықаралық еңбек ұйымының Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның денсаулық сақтау кәсіподақ секторымен «Жалпы медициналық қызмет көрсету және еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтар» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның медицина қызметкерлерін қорғау ісінде Кәсіподақпен ынтымақтаса отырып, «Біз дәрігерлерді қамауға алуға қарсымыз!», «Декриминализация үшін», «Кәсіподақ құқықтары үшін!», «Дәрігерлер қамалмасын!», «Дәрігерлер өмір сақшысы!» плакаттарымен флешмоб ұйымдастырды. Басқа елдерден келген кәсіподақ өкілдері «AQNİET» Кәсіподағының үшжақты әлеуметтік диалог, жалақы бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізу, лайықты еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен кәсіподақ кадрларын даярлау жөніндегі тәжірибесін оң бағалады. Біз сіздердің жұмыстарыңыздан көптеген жаңа идеялар, шабыт пен қуат алдық. Еліңіздің өркендеуі үшін бұл жолда тоқтамаңыздар!
Үлкен мереке құтты болсын! Маңызды әрі адамдарға қажет қызметті орындау үшін сау болыңыздар!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU