Медбикелер күні қарсаңында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы (ҚДҚСК) ҚДҚСК-нің Нұр-Сұлтан қаласы Көпбейінді медициналық орталығындағы (КМО) филиалының өкілдерін жылы тілектермен құттықтап, оларға кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға белсенді қатысқандары үшін құрмет грамоталарын тапсырды және картиналарды, радиоқабылдағыштарды, электронды термометрлерді сыйлыққа берді.
Саладағы кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға, медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға белсенді қатысқандары үшін осы сыйлықтарға ие болған КМО-ның келесі медбикелерін құттықтаймыз:
– Ашкенова Сандыгүл Доскейқызы;
– Айтпаева Несібелді Әмірхамзинқызы;
– Матенова Айгүл Жақсылыққызы;
– Оралбаева Айман Жабайқызы;
– Бакеева Айсла Серікқызы;
– Жаманбалаева Наргиз Серікбайқызы;
– Батыр Лаззат Шерелханқызы;
– Айтмағанбетова Ұлжан Аманжолқызы.
Құрметті еліміздің медбикелері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, өшпес жігер мен қуат тілейміз!