2015 жыл  ақпан айының 23 мен 27 аралығында Молдова Республикасы Кишинев қаласында Молдова кәсіподақтарының ұлттық конфидерациясының Еңбек институты «Әйелдердің  лайықты еңбек құқықтары  және олардың мүмкіндіктерінің теңдестігін жетілдіру: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында өткізген оқу семинарына Кәсіподақтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрайымы  Ағниязова Рита Сәкенқызы қатысты. Семинар жұмысына Молдова Республикасы, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікістан мемлекеттерінің кәсіподақ ұйымдарының әйелдері қатысты.

Семинар Халықаралық Еңбек ұйымының Москва қаласындағы бюросымен  ынтымақтастықта ұйымдастырылып, семинар барысында  Молдова Республикасы кәсіподақтарының  ұлттық  конфидерациясының төрағасы – О.Будза, кәсіподақтар ұлттық конфидерациясының жанындағы әйелдер ісі жөніндегі Кеңесінің төрайымы – Л.Ротарумен кездесулер және әйелдер ісі жөніндегі Кеңес мүшелерінің қатысуымен  дөңгелек үстелдер өткізілді.  Кездесулер барысында ана мен бала денсаулығы, әйелдерді кемсіту жағдайлары, әйел және ер азаматтардың еңбек ақыларының айырмашылықтары туралы маңызды  мәселелер көтерілді. Бұл мәселелер Молдова Республикасының Парламентінде үнемі көтеріліп өзінің оң шешімін тауып келеді.

Халықаралық еңбек ұйымы қолдауымен өз қызметін жасап жүрген жас кәсіподақ қызметкерлерін оқытумен айналысатын кәсіподақ мектебінің жұмысымен танысу семинар қатысушыларында үлкен әсер қалдырды.  Кәсіподақ қызметкерлері біліктіліктерін  жетілдіру мақсатында аптасына екі рет өзінің негізгі жұмысынан соң осы мектеп сабақтарына белсенді қатысып келеді.

Кәсіподақтардың ұлттық конфедерациясының жанында республикалық еңбек қорғау мәселелері бойынша инспекция құрылып, оның құзырына ұйымдар мен мекемелерде   жоспарлы түрде тексерулер өткізу кіреді.
Жастармен жұмыс жүргізу бойынша құрылған комиссия кәсіподақ мүшелігін насихаттау туралы ауқымды іс-шаралар өткізіп, жұмысшы жастардың проблемаларын жұмыс орындар мен кәсіпорындарда шешілуін қамтамасыз етеді және жастардың еңбек құқықтарын түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU