ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. ЖАҢА МАҚСАТТАР ҚОЯМЫЗ

Жақында «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды және Ұлытау облыстары филиалының Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұған дейін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтті.
Өткен 2023 жылы филиалдың алдында қандай басымдықтар болды және олар не істей алды деген сұраққа келсек.
Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді. Мұндағы маңызды аспект Денсаулық сақтау басқармасы мен Кәсіподақ филиалы арасында облыстық келісім жасасу болды. Ал барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттар қабылданды.
Шарттың маңызды бөлімдерінің бірі еңбекақы төлеу болып қала берері сөзсіз. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде қаржыландырылатын мекемелерде дәрігерлер 30% – ға, ал орта медициналық персонал 20% – ға артық ала бастады. Сонымен қатар, Салалық келісімге сәйкес лауазымдық жалақылар түзету коэффициентін қолдана отырып анықталады және ол барлық мамандар үшін өсті. Бұл медициналық емес қызметкерлерге де қатысты. Келісімге күндізгі ставканы негізге ала отырып, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері кемінде екі есе мөлшердегі төлем пункттері, сондай-ақ ұзақтығы кемінде 30 күн еңбек демалысын беру кезінде бір жалақы мөлшеріндегі жәрдемақы енгізілген. Біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімі өткен медицина қызметкерлеріне ақы төлеу бойынша Кәсіподақ үлкен жұмыс жүргізді.
Денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік әріптестікті дамыту шеңберінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Үздік ұжымдық шарт» атағына байқау өткізілді. Байқаудың басты міндеттерінің бірі-бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерін кәсіподақ жұмысына тарту, кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы іскерлік және сындарлы ынтымақтастықты дамыту.
2023 жылы құқықтық көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұл еңбек, зейнетақы, тұрғын үй заңнамасы, сақтандыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңестер. Азаматтық-құқықтық, еңбек және өзге де қатынастарда туындайтын даулар бойынша құжаттарды дайындауға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Медициналық адвокат» республикалық акциясы аясында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында семинарлар өткізілді. Белгілі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қоғамдық қорғаушы Дәурен Нұрсапа мен Кәсіподақтың заң қызметінің басшысы Еркебұлан Бүркетбаев тәжірибелік ұсыныстарын берді.
2023 жылдың күзінде өткен «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуын мерекелеу аясында көптеген түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Үздік медбике» атағына, «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша денсаулық сақтаудың үздік ұйымы» және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» сияқты байқаулар өткізілді.
Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында жеті спорт түрінен спорттың үлкен мерекесі – XVI Спартакиада өтті. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Футбол командасы да үлкен жетістіктерге жетті, Облыстық клиникалық аурухананың кәсіподақ мүшелері көптеген жылдар бойы үздік ойыншылар болып табылады. Оларға үнемі материалдық қолдау көрсетіледі.
Өткен жылы Кәсіподақ қозғалысының ардагерлері де назардан тыс қалмады. Кәсіподақтың ғасырлық мерейтойына орай олар үшін бағалы сыйлықтар табыстаумен салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.
Кәсіподақ филиалының жұмысындағы басым бағыттардың қатарында Кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыру жұмыстары бар. Бұл мақсаттарға филиал 27 миллион теңге жұмсады.
Атқару комитетінің қатысушылары Филиалдың жұмысын қанағаттанарлық деп таныған қаулы қабылдады. Оның алдына кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды күшейту міндетін қойды. Қаулының орындалуын бақылау Филиал төрайымы Адександра Мадияроваға жүктелді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU