2021 жылдың 29 қыркүйегінде «AQNIET» ҚДСҚК төрағасы Бақытжан Тәжібай жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Сапар барысында Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиевпен және облыстың профактивімен кездесулер өтті.

Кездесуде медицина қызметкерлерінің құқықтары жөніндегі өзекті мәселелер: негізгі, әкімшілік-басқару және қосалқы персонал үшін жалақының өсуі, ковидтік үстемеақылардың жойылуы, біліктілік санаттарын беру, жалақыны есептеудегі шығындар және оларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі талқыланды. Сондай-ақ, ХЕҰ-ның «Бірлестіктер бостандығы туралы» № 87 конвенциясын іске асыру мәселелері қозғалды. Қызметкерлердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы бастамашылығын арттыру, оның ішінде дәрігерлерді қылмыстық қудалауға және кәсіподақтардың қызметіне бөгде құрылымдардың араласуына қарсы белсенді жұмысты жалғастыру қажеттілігі ескерілді. Кәсіподақ активіне қолданыстағы заңнамалық және жарғылық нормаларға сүйене отырып әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту, ұйым қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметін жалғастыру, әлеуметтік тұрақтылық, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау ұсынылды.

ЖАНАЛЫҚТАР

No results found.

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU