Сала қызметкерлерінің жалақысын 1 маусымнан бастап өсіру тетіктерінің негізінде ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК жатыр. Президент Қ.К. Тоқаевтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне еңбекақы көтеру күнін 2019 жылғы 1 маусымнан бастап ауыстыру туралы тапсырмасын есепке ала отырып, сондай-ақ 2019 жылғы 27 ақпанда “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезінде айтылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының “2019 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет саласының жекелеген қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға дейін арттыру”тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылғы 20 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық салалық денсаулық сақтау кәсіподағының арасындаденсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлеріне жалақыны арттыруды қарастыратын қосымша келісімге қол қойылды.

ЖАЛАҚЫНЫ АРТТЫРУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Кәсіподақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөледі, оның жүзеге асуының шарттарының бірі саладағы еңбекке лайықты төленуі және олардың қызметкерлердің әл-ауқатының өсуі болып табылады. Салалық келісім мен ұжымдық шарттар құқықтық актілер болып табылады және олардың талаптарын орындау міндетті орындалу қажет. Келісім мен шарттардың талаптарын бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Келіссөздер барысында әлеуметтік әріптестік тараптары бірлесіп біздің кәсіподақтың бастамаларын қабылдағанын атап өткен жөн, біріншіден, барлық мамандықтағы дәрігерлердің (оның ішінде клиникалық (параклиникалық) бөлім (бөлімше) меңгерушілерінің); жоғары медициналық білімі бар қоғамдық денсаулық сақтау дәрігерлерінің (немесе мамандарының) (валеологтардың, эпидемиологтардың, статистардың, әдіскерлердің), сондай-ақ провизорлардың (фармацевтердің) жекелеген санаттарының тізбесіне енгізілуі. Екіншіден, меншік нысанына қарамастан, тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлеміменміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріндегібарлық санаттағықызметкерлердің енуі.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU