Щучинск-Бурабай аймағында орналасқан «Дискавери-Боровое» сауықтыру орталығының базасында, Астана қаласының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының жастар активінің ұйымдастыруымен «ТоТ» семинар-тренингі болды.

Тренинг «Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Фридрих Эберт қорының қолдауымен, «КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып жүзеге асырылып келе жатқан жоба шеңберінде өткізілді.

Жобаның мақсаты оқыту бағдарламасының пилоттық үлгісін жүзеге асыра отырып, кәсіподақ қозғалысының жастар көшбасшыларының құзыреттілігін көтеру болып табылады.

Семинардың алғышарты ретінде алдын ала өткізілген сауалнамалау, үш семинар-тренинг, сондай-ақ, «Денсаулық сақтау кәсіподағының дамуы үшін жастар не істей алады?» тақырыбындағы эссе ұсыну шараларын атап өтуге болады.

«КАМЕДА» қоғамдық қоры өткізген сауалнамалау нәтижесіне сәйкес, сауалнамалауға қатысқан 1130 кәсіподақ өкілі арасынан курс және тренингтер қатысушыларының 70 пайызы білім мен дағды алу өткір қажеттілік болып табылады деп есептейді.

Сауанамаланушылардың 85 пайызына жуығы жергілікті жерлерде көшбасшылар өз іс әрекеттерін «білуіміз мүмкін, алайда қалай жасау керектігі түсініксіз» деп анықтай отырып, тек ішкі түйсігіне сәйкес жұмыс жасайды деп есептейді. Мұндай тұжырымдамаларды нақтылай келгенде аныталғаны – кәсіподақ көшбасшылары жұмысты ұйымдастырудың өзіне тән арнайы тәжірибелік дағдыларын: органайзинг, қоғамдық құқықты ілгерілету, қажеттіліктерді бағалауды игеруге мұқтаж екендігі.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың 60 пайызы жастарды оқыту қажет деп есептейді, себебі «олардың энергиясы, күші көбірек, әрі уақыт талабына сайма сай жүріп келеді».

Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана филиалы 14055 адамды біріктіреді, олардың 25 мыңнан астамы қалада, денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайды. Аталған жобаның жүзеге асуы саналы және тиімді түрдегі кәсіпод

 

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU