Спартакиада 2023 аясында ерлер арасында Шағын футболдан турнир өтті

Бүгін, 10 мамыр күні «Aspan» спорт кешенінде «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100-жылдығына орай Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдарының арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирге 24 команда қатысып, алаңда өз шеберліктерін байқатты. Ойын қызықты және  тартысты түрде өтті.  Жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында  доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға  допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Футбол жарысында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы  командалары тактика жағынан  жоғары шеберліктерін көрсете білді.

Жарыстың нәтижесі бойынша, командалық есепте бірінші орынды – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы командасы, екінші орынды – Қалалық жедел медициналық жәрдем станция командасы және үшінші орынды – № 1 көпбейінді қалалық аурухана командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздарына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының І, ІІ, ІІІ – дәрежелі дипломдары, кубоктары және сыйлықтары табысталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU