Таңдауымыз – «AQNİET» Кәсіподағы

Көктем мерекесі қарсаңында, 07.03.2023 жылы, Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасында «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының бастауыш ұйымын құру жөніндегі күн тәртібімен, ұжымның құрылтай жиналысы өтті.

Жарыс сөзде сөйлеген қызметкерлер “Сенім” кәсіподағынан көмек, қамқорлық болмағанын айтып, бұрынғы 100 жылдық тарихы бар «AQNİET» Кәсіподағының мүшелігіне өтуге шешім қабылдаған.

Бір айта кететін жағдай, жиналыс өтіп жатқан кезде, бір топ қызметкерлер «AQNİET» Кәсіподағының мүшелігіне өту жөнінде өтініштерін әкеліп, жиналысқа қатысқылары келетіндерін айтты. Өтініштері қабылданып, аталған қызметкерлер талқыланып жатқан мәселеге белсене араласты. Жиналысқа қатысушылар бір ауыздан дауыс беріп, емханада «AQNİET» бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Ұжым мүшелері жаңадан сайланған Кәсіподақ белсенділеріне жұмыстарының табысты болып, қызметкерлердің қорғаушысы бола білулеріне тілек білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU