«AQNİET» Кәсіподағы Орталық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы (бұдан әрі – Кәсіподақ) Орталық кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Күн тәртібінде Кәсіподақ Орталық кеңесінің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2022 жылға арналған міндеттері туралы мәселе тұрды.

Кәсіподақ төрағасы Б.Тәжібай өз есебінде Кәсіподақтың Орталық кеңесінің 2021 жылғы қызметі Кәсіподақ қызметінің Бағдарламасын іске асыруға, жарғылық міндеттерді шешуде Кәсіподақтың рөлін одан әрі арттыруға, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға бағытталғанын атап өтті. Түзету коэффициенттерін қолдану арқылы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысын 30% – ға және орта медициналық персоналдың жалақысын 20% – ға арттыруды көздейтін 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімге №1 Қосымша келісімге қол қоюдағы Кәсіподақтың үлкен рөлі аталды. Осылайша еңбекақының өсуі денсаулық сақтау саласындағы 247 мың медицина қызметкеріне оң әсерін тигізді.

Кәсіподақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық емес жұмыскерлерінің жалақысын 23% – ға арттыру туралы келісімге қол жеткізді, олардың саны 147 мыңнан астам, сондай-ақ экономиканың басқа салаларында еңбек ететін медицина қызметкерлерінің саны -19 мың.

Кәсіподақ кадрларын оқыту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 352 кәсіподақ комитетінің төрағалары мен Кәсіподақ мүшелері оқудан өтті (2021 жылы оқудан өткендер саны 175 болды).

Кәсіподақ мүшелерін сауықтыруға қаражат бөлу жыл сайын артып келеді. 2020 жылы Кәсіподақ мүшелеріне жұмсалған қаражат сомасы 53,6 млн теңгені құраса, 2021 жылы 147,8 млн теңге.

2021 жылы Кәсіподақ медициналық қызметкерлердің еңбекақы төлеу, құқықтық мәселелер, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, санаторлық-курорттық қызмет көрсету және демалыс, атаулы материалдық көмек көрсету бойынша 6913 өтінішін өңдеді. Келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау: азаматтардың шағымдары мен қайталама өтініштерін тудыратын себептер мен жағдайларды зерделеу жұмысты ұйымдастыруда жүйелілікке қол жеткізуге және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңнаманың бұзылу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделері 495 361 964 теңгеге қорғалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған «Балалар жылына» арналған жыл бойы өткізілуі тиіс іс-шаралар, сондай-ақ оларды өткізу нысандары талқыланды.

Салалық келісімнің қабылданған міндеттемелерінің орындалуына талдау жүргізу, Кәсіподақ органдары мен Кәсіподақ мүшелерінің ескертулерін, ұсыныстарын ескере отырып, 2023-2025 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімнің құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жаңа Салалық келісімнің жобасына талдау жасау және енгізу үшін қалыптасқан өткір әлеуметтік-экономикалық проблемалар тұрғысынан медицина қызметкерлері арасында сауалнама жүргізу ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU