
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке еліміздің бостандығы мен жарқын болашағының айқын нышаны. Тәуелсіздік жылдары халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жалғастырып, жаңа жетістіктер мен табысты іс-шаралары арқасында әлемдік беделге ие болды! Денсаулық сақтау саласы да өркендеп, мақтанарлық жетістіктеріміз аз емес!
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық тілеймін! Ынтымақ-бірлігіміз бейбітшілік күндерімен жалғасып, еліміз өркендей берсін! Отбасыларыңызда әрқашан келісім және өзара түсіністік болсын!
ізгі ниетпен,
Кәсіподақ төрағасы Тәжібай Б. А.