Қымбатты оқырман қауым!
«АҚНИЕТ» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алматы қаласындағы филиалы кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын жайландырып, ұмытылмастай қызық ету үшін әр түрлі турлық саяхаттар ұйымдастыруда.
Кезекті туристтік саяхатымыз Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Отырар қаласы,Ақмешіт, Домалақ ана, Айша бибі, Бабажа қатын, Керуен сарай секілді тарихи және мәдени орталықтарға қыдырттық. Саяхаттаушылар Шелек орталық аудандық ауруханасы мен 15 қалалық емхана қызметкерлері болды.
Саяхатшыларымыздың турдан ыстық лебізбен және керемет эмоциялармен келіп өз ризашылдықтарын білдірді! Біздің өркендеуіміздің негізі — сіздердің жөніндегі жайлылықтарыңыз!