ПРОФСОЮЗУ «AQNİET» 100 ЛЕТ

⚜️“AQNIET” Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының өкілі Е. Бүркітбаев “Дәрігерлерді қолдау”тақырыбы бойынша «24KZ» телеарнасында тікелей эфирге қатысты. Жүргізуші: Еркін Байғабылұлы.
📜Мемлекет басшысы қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының заңнамасындағы жаңа өзгерістер талқыланды.
Сөз медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, дәрігерлерді қолдау, артық есептіліктен босату және денсаулық сақтауға қатысты басқа да мәселелер туралы болды.
✅Осыған байланысты, “AQNIET” Кәсіподағының өкілі заңның кейбір тараптары туралы атап өтіп, медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі жеңілдетілгенімен, жаңа Заң бойынша пациенттерде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемін алуға және осы сомамен келіспеген жағдайда дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бар деген пікірін білдірді. Сондай-ақ, ол осы заңның қабылдануына байланысты пациенттер тарапынан шағымдарды бірнеше есе арттыру мүмкіндігі туралы атап өтті, сондықтан “AQNIET” Кәсіподағы осы заңды дайындау кезінде де медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған “МедАдвокат” әлеуметтік жобасын іске қосты.
🔸Сонымен қатар, тікелей эфирге Г.Нұрымова – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, С. Темірханов – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, Д. Есімов – Қазақстан медициналық ұйымдары альянсының өкілі, Д. Сибанбаев-Целиноград аудандық ауруханасының өкілі және басқалары қатысты.
🔹Бұл алаңда біздің дәрігерлерді қолдау туралы маңызды пікірталас болды!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU