Құрметті Ақмарал Шәріпбайқызы

«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының атынан және өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймын!
Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мен денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды жаңа деңгейге шығаратын ұлттық жобаларды жүзеге асыруға Сіздің іскерлік және кәсіби қасиеттеріңіз қажетті серпін болатынына сенімдімін.
«AQNİET» Кәсіподағы – әлеуметтік әріптестік қағидаттарын басшылыққа алатын, сала қызметкерлерінің жалақысының әділ деңгейіне қол жеткізуге, қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға, Кәсіподақтың әрбір мүшесіне қамқорлық жасауға қатысты мәселелерге көп көңіл бөлетін және өзара біріккен іс-қимыл жасауға, бастысы ел игілігі үшін ортақ міндеттерді шешуге дайын екендігін білдіретін саладағы ғасырлық тарихы бар кәсіби бірлестік.
Соңғы жылдары әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара іс-қимылы тиімділігі ана ғұрлым өсті. Біздің ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттары мен мақсаттары сала қызметкерлерінің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешудің, еңбекақы мен еңбек жағдайларын реттеудің пәрменді құралына айналған Салалық келісіммен бекітілген.
Ортақ күш-жігерімізді біріктіріп, жинақтаған тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, барлық белгіленген мақсаттарға бірге қол жеткізетінімізге сенімдімін, өйткені бірлік пен ынтымақтастықта біз еңбек адамының игілігі үшін көп нәрсе жасай аламыз.
Сізге кәсіби жетістіктер мен жеңістер, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық
сақтау қызметкерлерінің салалық
кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU