Танысу үшін басыңыз

МИССИЯМЫЗ. Біз, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы, адалдық пен жоғары этикалық стандарттарды ұстанамыз, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің лайықты еңбек жағдайларына қол жеткізу үшін өзімізге ерекше жауапкершілік артамыз, кәсіподақтардың демократиялық елде азаматтық қоғамды дамытудағы бірегей рөлін мойындаймыз, сол арқылы кәсіподақтың нәтижелі жұмысы үшін қолайлы жағдай жасап, сондай-ақ ел азаматтарының кәсіподақтарға оң көзқарасын қалыптастыра отырып, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғайтын және ілгерілететін боламыз.

ХЕҰ-ның халықаралық еңбек стандарттары, жұмыс орындарындағы іргелі қағидаттар мен құқықтар Декларациялары және ХЕҰ-ның лайықты еңбек Бағдарламасы – саламыздағы кәсіподақтар жұмысының негізі. Біз қызметкерлердің құқықтарын бірінші орынға қоямыз. Біздің кәсіподақ еңбек адамының мүддесін қорғауға, денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерлердің құқықтары үшін күресуге дайын.

МАҚСАТЫМЫЗ. Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту жағдайында қызметкерлердің еңбек және  тұрмыс ахуалын жақсарту, олардың құқықтары мен мүдделерін ілгерілету.

  1. Адам құқықтары мен кәсіподақ құқықтарын насихаттау және қорғау. Науқандар, даму жобалары, әлеуметтік желілер мен коммуникациялар арқылы тұрақты дамуға және Лайықты Еңбекке қол жеткізу мақсатында қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуде позитивті кешенді тәсілді көрсету. Саладағы институционалдық мүмкіндіктерді арттыру және үш жақты салалық құрылымдарды қолдау, сала қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету үшін міндетті келісімдер мен ұжымдық келіссөздер жүйесін нығайту арқылы стандарттарды көтеру өте маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктерді ілгерілету үшін тиімді әлеуметтік диалог қажет.
  1. Кәсіподақтардың күшін нығайту. Кәсіподақ мүшелерінің санын мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарда тұрақты түрде көбейту үшін іс-шаралар өткізу. Кәсіподақтардың салалық деңгейде, ұжымдық келіссөздерде және жұмыс орындарында қызметкерлердің мүдделерін білдіру қабілетін нығайту. Құқықтарды қорғауға негізделген және берік құрылымы бар кәсіподақ ұйымдары арқылы, олардың нақты саясаты мен органайзинг жүргізуге қабілетті қызметімен жұмыс орындарындағы кәсіподақ мүшелігі мен өкілдігін ұлғайту.
  2. Салада жұмыспен қамтудың тұрақты және жоғары деңгейіне қол жеткізу. Кәсіподақ құқығы мен жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және әл-ауқат стандарттарына лайықты жұмыс уақытының ұзақтығы, ерлер мен әйелдер үшін ең төменгі күнкөрісті лайықты деңгейде қамтамасыз ету, тұрақты жұмыспен және ұжымдық шарттармен кеңінен қамту, сондай-ақ халыққа сапалы, қолжетімді және тиімді медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін кәсіби өсуді және лайықты, әділ еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру қажет. Цифрландыруды енгізу кезінде ДСҚСКО жұмыспен қамтудың баламалы түрлерімен және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтау үшін күресетін болады.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU