Атырау облыстық филиалы “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау қалалық #3 емханасында ұжымдық жиналыс ұйымдастырды
Мекеме бас дәрігері Айман Өтегенова жыл қорытындысы бойынша, ұжымның жеткен жетістіктеріне айрықша тоқталды. Өз қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарған абзал жандарға ризашылығын білдірді.
“AQNIET” кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Нуртан
Сарсенова қызметкерлерге шынайы тілегін жолдап, жанұя берекесін тіледі. “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағындағы ерекше жетістіктері үшін “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” төс белгісімен аға мейірбике Гүлжан Сейткалиева марапатталды.
Сонымен қатар, “Кәсіподаққа 100 жыл” мерекелік төс белгісімен емхана директоры Айман Өтегенова, кәсіподақ комитетінің төрағасы Иман Пернебеков, комитет мүшелері Нұрзада Максутова, Малика Сарсенбай марапатталды. Мерекелік тарихи кітап табыс етілді. Емхана қызметкері Ж.Орынбаевқа қайырымдылық көмек көрсетілді. Ұжым мүшелері ризашылықтарын білдірді.