25 қазан күні №3 Атырау қалалық емханасында “Бала-болашақтың айнасы” атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Ашық есік күні өтті.
25 қазан күні №3 Атырау қалалық емханасында “Бала-болашақтың айнасы” атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара №7 Атырау қалалық емханасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Айта кетейік, № 3 емханаға мүмкіндігі шектеулі 298 бала тіркелген, ал халықты жалпы қамту бойынша 52 мың адамды құрайды. Бұл күні алдын-ала жазылусыз және үлкен кезектерсіз кішкентай пациенттерді педиатр, балалар Лор дәрігері, Балалар невропатологы, Балалар инфекционисті, балалар хирургы, балалар көз дәрігері, Балалар гинекологы, Балалар реабилитологы, логопед, психолог, гастроэнтеролог мамандары 100-тен астам мүмкіндігі шектеулі баланы тексерді. №3 және №7 қалалық емхананың директорлары кабинеттерді аралап, кішкентай пациенттердің аналарымен әңгімелесті, оларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, бұл күні Балаларды емханаға кіре берісте қарсы алған аниматорлар ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шараны ұйымдастыруға “AQNIET” Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелері өз үлестерін қосты. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жалпы саны 6 адамға өсті. Балалардағы мүгедектіктің себептері туа біткен даму ауытқулары болып табылады, екінші орында – психикалық бұзылулар, үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары екені анықталды.