AQNIET кәсіподағы медицина қызметкерлерінің мәртебесін заңмен бекітуді қолдайды!
“Дәрігер мамандығының беделін арттыру мақсатында олардың мәртебесі заңмен бекітілетін болады. Медицина қызметкерлеріне жан – жақты қолдау көрсетіледі”, – деді ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев сайлауалды кездесулерінде.
Бұл туралы, атап айтқанда, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру заңын дайындау және медицина қызметкерінің мәртебесін бекітетін нормалар туралы семинар спикері, Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының мүшесі Дәурен Нұрсапанов айтты. Семинарды 2023 жылдың 19 шілдесінде Астана қаласындағы Аqniet кәсіподақ филиалы “№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы” ғимаратында басшылар, заңгер-мамандар, персонал менеджерлері және кәсіподақ активтері үшін ұйымдастырды. Семинардың тақырыбы: “Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау: практикалық ұсыныстар”. Семинарды ДСҰ басшысының орынбасары Салтанат Алдабергенова және AQNIET кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай ашты.
Бүгінгі таңда aqniet кәсіподағы үшін денсаулық сақтау қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту сөзсіз басымдық болып қала береді. Маңызды міндет-медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру, атап айтқанда лайықты еңбекақы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, медициналық қызметкерлерді, қатардағы қызметкерлерді де, басшыларды да заң аясында қолдау және қорғау. Семинар барысында қатысушылар физикалық зорлық-зомбылыққа, заңсыз бейнетүсірілімге және ар-намыс пен қадір-қасиетке қол сұғатын қорлауға жол беретін агрессивті пациенттердің жұмыс орындарында медицина қызметкерлерінің құқықтары бұзылған кездегі практикалық іс-қимылдарды қарастырды, түрлі кейстер талқыланды. Семинарда лектор қатысушыларға жұмыс барысында болатын түрлі проблемаларды сауатты шешу үшін ұсыныстарды айтып, талқылауға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырылған кофе-брейк кезінде қатысушылар кейстерді талқылауды және пікір алмасуды жалғастырды. Бұл уақыт әріптестермен танысу және қарым-қатынас орнату үшін де пайдаланылды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға семинарды өткені туралы сертификаттар берілді.
AQNIET кәсіподағы Астана қаласы ҚДБ басшысы Тимур Мұратовқа және№2 ҚБА директоры Гүлнар Құлышеваға семинарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
2023 жылдың 20 және 21 шілдесінде қоғамдық қорғаушы Дәурен Нұрсапановтың елорданың денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған.