«Астана қаласының үздік Провизоры-2023» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталды

Бүгін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде «Астана қаласының үздік Провизоры-2023» номинациясы бойынша байқау өтті. Байқауға Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдарынан 6 конкурсант қатысты. Қазылар алқалығына «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төрағасы – Бақытжан Тәжібай қатысып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Байқау барысында қатысушылардың қызметі туралы видеосюжет көрсетіліп, жұмыс орнындағы жетістіктері мен қосқан үлестері туралы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар қазылар алқасының қойған сұрақтарына жауап берді.

Байқау соңында, қазылар алқасының шешімімен «Астана қаласының үздік Провизоры-2023» болып – №2 көпбейінді қалалық аурханасының аптека меңгерушісі Магзатова Наргиз Рашидқызы анықталды. Сонымен қатар, ІІ-орынды – № 13 қалалық емхананың провизоры Макенова Толганай  Залмаганбетовна және ІІІ-орынды – “Гиппократ” ХҚК сатып алу бөлімінің бастығы Савина Олеся Александровна алды.

Байқау қатысушыларына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан І, ІІ – орын алған жеңімпаздарға «Денсаулық» сауықтыру орталығына тегін жолдамалар және ІІІ – орын жеңімпазына сертификат табысталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU