Атырауда «AQNİET» Кәсіподағы Қазақстан халқының бірлігі мерекесін салтанатты деңгейде атап өтті
Емдеу сауықтыру мекемелерінде салтанатты жиналыстар, мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасында өткен жиналыста, мерекелік құттықтаулармен қатар, «AQNİET» Кәсіподағының 100 жылдық торқалы тойы қарсаңында, облыстық кәсіподақ комитетінің атынан бастауыш кәсіподақ ұйымына “Денсаулық” республикалық сауықтыру орталығына тегін жолдаманың сертификаты табысталды.
Атырау қалалық №3 емханасында “ұлттар татуластығы” атауымен мәдени шара өтті. Емхана директоры Айман Өтегенова, «AQNİET» облыстық Кәсіподақ филиалының төрайымы Нұртан Сарсенова ұжым мүшелерін, емханаға келген жергілікті халықты татулық пен сыйластық мерекесімен құттықтап, жақсы лебіздерін білдірді. Мерекеге сән берген емхана бөлімшелері дайындаған Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің дәстүрін, ұлттық тағамдарын таныстыру болды.
– Әкімшілік пен әйелдер кеңесі бөлімшесі кәріс ұлтының дәстүрін таныстырып, ұлттық тағамдары пигоди, фунчоза, кадюри дайындады.
– №1 жанұялық денсаулық орталығы араб ұлтының ұлттық киімін киіп, маклюбе ұсынды.
– №2 жанұялық денсаулық орталығы орыс ұлтын таңдаған. Тағамдары – құймақ, орыс тісбасары, тұздалған қияр.
– Огородная дәрігерлік амбулаториясы цыган ұлтының дәстүрін айтып, голубцы, салат ұсынды.
– Алмалы дәрігерлік амбулаториясы қазақтың көжесі мен бауырсағын дайындаған.
– Жеке мамандандырылған бөлімі кавказ ұлтының хачапури, хинкалын дайындады.
– Ақжар дәрігерлік амбулаториясы өзбек палауын әзірледі.
– Ақсай дәрігерлік амбулаториясы үнді халқының пони пури, самоса, раджма масала және т.б. тағамдарын дайындаған.
Медицина қызметкерлері де, емханаға келушілер де әртүрлі ұлттың тағамдарынан дәм татты. Мерекеге қатысушылар Кәсіподақ комитетінің төрағасы И.С. Пернебеков бастаған Кәсіподақ белсенділеріне ризашылықтарын білдірді.