Спартакиада 2023 аясында ерлер арасында Волейболдан турнир өтті
2023 жылдын 21 сәуірінде «Aspan» спорт кешенінде волейболдан ерлер арасында «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100-жылдығына орай және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында турнир өтті. Айта кетсек, биыл ерлер арасында волейбол турнирі денсаулық сақтау ұйымдарында алғаш рет ұйымдастырылып отыр, соған қарамастан турнирге қатысуға 23 командадан өтінім берілді. Ойын барысында № 2 қалалық көпбейінді аурухана командасында жалған қатысушы анықталып, спартакиада регламентіне сәйкес ойыннан шектетілді.
Бабы мен бағы келіскен «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» командасы кәсіби шеберліктерін танытты. Сондай-ақ, «Астана медицина университеті» командасы жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. Тартысты бәсекеде қатысушы барлық ойыншы командалар, тәжірибелерінің молдығын байқатып, сайыс барысында шеберліктерін биік деңгейде екендігін көрсетті.
Жарыстың нәтижесі бойынша, командалық есепте бірінші орынды – Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы, екінші орынды – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы командасы және үшінші орынды – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының дипломдары, кубоктары және сыйлықтары табысталды.