«AQNİET» Кәсіподағының 100 жылдығына орай шахматтан турнир өтті
Бүгін «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100-жылдығына орай Астана қаласы денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы Спартакиада аясында шахматтан турнир өтті. Турнирге 23 команда қатысты. Турнир қазіргі талаптағы шахмат ережесіне сәйкес өтті. Зияткерлік сайыста денсаулық сақтау қызметкерлері шахмат тақтасында логикалық ойлау, қарсыластың жүрісін есептеу және ең дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін көрсетіп, жарысты. Қызу тартысты өткен шахмат сайысының қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте бірінші орынды – Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы, екінші орынды – № 2 көпбейінді қалалық балалар аурухана командасы және үшінші орынды – Астана медицина университеті командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына Астана қаласы «AQNİET» Кәсіподағы филиалының дипломдары, кубоктары және сыйлықтары табыс етілді.