Спартакиада-2023 аясында әйелдер арасында боулингтен жарыс өтті
Бүгін «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамына орайластыра «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында әйелдер арасында боулингтен турнир ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараны «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Төрағасы Бақытжан Тәжібай ашты. Өз сөзінде ол әйелдерді өткен 8 наурыз мерекемен құттықтап, қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен адал бәсекелестік тіледі.
Биыл он екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 30-ға жуық команда қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша, жалпы командалық есепте бірінші орынды – Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, екінші орынды – № 2 Көпбейінді қалалық аурухана командасы және үшінші орынды – Ана мен балаҰлттық ғылыми орталығы иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының дипломдары, кубоктары және сыйлықтары табысталды.