“AQNIET“ Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды және Ұлытау облыстары филиалы төрайымы Александра Мадиярованың құттықтауы
Құрметті, денсаулық сақтау қызметкерлері, Кәсіподақ мүшелері мен жетекшілері, әріптестер! Міне, бізге Ұлыстың ұлы күні – бірлік пен үйлесімділік, жарық пен жақсылық мерекесі келді! Жер бетінде жыл жаңарды.
Ал «AQNİET» Кәсіподағы үшін биылғы жыл ерекше. Ұйымның құрылғанына 100 жыл толады. Алда біздерді Кәсіподақ қозғалысының ардагерлерімен кездесулер, тренингтер, тимбилдингтер, спорттық жарыстар сияқты көптеген маңызды іс-шаралар күтіп тұр. Бір сөзбен айтқанда, ұжымдарды біріктіретін барлық әрекет командалық рухты дамытады.
Наурыздың басқа мерекеден айырмашылығы – көктем мен жаңару мерекесі. Бірлік пен татулықтың, жаңа мүмкіндіктердің, достық пен махаббаттың салтанат құратын кезі. Бұл мерекені жер бетінде 300 миллионға жуық адам атап өтеді екен. Әр елдің өз дәстүрі қалыптасқан. Біз үшін Наурыз әдеттегідей игі істер жасауға, өз елімізге қызмет жасауға шабыттандырсын!