ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ, ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК, КЕЛІССӨЗДЕР
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ағымдағы жылдың 1 наурызында ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс режимінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шарт жасасу тәртібі туралы әдістемелік ұсынымның жобасын талқылау бойынша вебинар ұйымдастырды.
Вебинарға «AQNİET» Кәсіподағының филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 42-ге жуық төрағалары қатысты.
Кәсіподақтың заң бөлімінің меңгерушісі Е. Бүркітбаев «Ұжымдық шарт жасасу технологиясы» презентациясымен сөз сөйлеп, Ұжымдық шарт жасасудың негізгі («табысқа жетудің 7 қадамы») тұстарын кезең-кезеңімен түсіндіріп:
- ұжымдық шарт жасасуға негіз;
- ұжымдық келіссөздер жүргізу тәртібі;
- ұжымдық шарт жобасын құру;
- ұжымдық келіссөздер барысында туындайтын келіспеушіліктерді шешу;
- ұжымдық шартқа қол қою және тіркеу;
- ұжымдық шарттың орындалуын бақылау;
- ұжымдық шартты орындамағаны үшін жауапкершілік атты маңызды мәселелер қарастырды.
Вебинар тыңдаушылардың қызығушылығын тудыртып, қатысушылар көптеген өзекті сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.