1 Наурыз – Алғыс айту күні!
№3 Атырау қалалық емханасында «Алғыс айту» күніне орай, Кәсіподақ мүшелерімен кездесу болды.
Ең басты байлық – денсаулық!
«AQNİET» Кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрайымы Н.Д.Сарсенова денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбектері үшін қызметкерлерге алғыс айтып, алдағы уақытта биік жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
2023 жылы аталып өтетін «AQNİET» Кәсіподағының ғасырлық мерекесіне қазірден бастап атаулы шаралардың ұйымдастырылып, өтіп жатқанын сөзге тиек етті.
Мекеме Директоры мен Кәсіподақ комитетінің төрағасына мерекелік сыйлықтар табыс етілді. 100 жылдық шаралар аясында Кәсіподақ мүшелеріне «Денсаулық» республикалық сауықтыру орталығына тегін жолдаманың сертификаты табысталды.