Органайзинг жоспарына сәйкес, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында аппарат қызметкерлерімен кездесу өтті
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы Атқару комитетінің 2022 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Органайзинг жоспарына сәйкес, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы А.М.Байдувалиевтің қатысуымен аппарат қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуде «AQNİET» Кәсіподағының 100 жыл – ғасырлық тарихы, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық, әлеуметтік, материалдық, сонымен қатар сауықтыру шараларын ұйымдастыруда көптеген игі істер жасалып жатқаны жөнінде айтылды.
Бүгінгі таңда Кәсіподақ мүшелерінің қатарын көбейту, торқалы мерекені ұйымдастыру бойынша республикалық, облыстық деңгейде шаралар өткізу басталып та кеткені сөзге тиек болды.
Шараларды өткізуде бастауыш кәсіподақ ұйымдары белсене араласуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына торқалы тойдың ескерткіш сыйлығы да табыс етілді. Осы кездесуде марапат та өз иесін тапты.