«AQNİET» Кәсіподағы Ақмола облыстық филиалының кәсіподақ активімен кездесу өтті
2022 жылғы 20 желтоқсанда Кәсіподақ төрағасы Б.Тәжібайдың басшылығымен «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының (бұдан әрі – Кәсіподақ) Ақмола облыстық филиалы Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында Б. Тәжібай «AQNİET» Кәсіподағының атқарған жұмыстары және алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай Ақмола облыстық филиалының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының (бұдан әрі – БКҰ) төрағалары аурухананың кредиторлық берешегі және салдарынан МӘМС-ке де, зейнетақы қорына да уақтылы аударымдар жүргізілмей отырғанына байланысты мәселелерді көтерді.
Республикалық оңалту орталығының БКҰ төрағасы А.К. Давлетбаева 2023 жылға арналған жалақы тарифін көтеру жөніндегі жоспары, жалақыны, сараланған ақыны уақтылы төлеу бойынша барлық мәселелердің шешілгені туралы БКҰ жұмысындағы оң сәттермен бөлісті.
Бір күн бұрын Кәсіподақ төрағасы Ақмола облысының медициналық мекемелеріне (Бұланды аудандық ауруханасы, «Бурабай» республикалық оңалту орталығы, Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, «VIAMEDIS» ЖШС филиалы) барып, мекемелердің бірінші басшыларымен кездесіп «AQNİET» Кәсіподағының қызметін баяндады.
БКҰ төрағалары мұндай кездесулерді жиі өткізу туралы тілектерін білдірді.