Кәсіподақ активі үшін көшпелі семинарлар жалғасуда
Тиімді келіссөздер жүргізу және эмоционалдық интеллекті дамыту бойынша біліктіліктерін арттыру үшін 2022 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында «Денсаулық» СОО-на Алматы, Жетісу облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан қырықтан астам кәсіподақ көшбасшылары жиналды.
Кәсіподақ көшбасшылары үшін «Эмоционалдық интеллект және тиімді келіссөздер» тақырыбына «KAMEDA» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова семинар өткізді, ол келіссөздер барысында мақсатқа қалай жетуге, қысымға қалай қарсы тұруға, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін келіссөздер процесіне ықпал етуге қатысты негізгі ойларды ашып көрсетті.
Қатысушылардың теориялық білімі, тренер берген тапсырмаларды орындай отырып, тәжірибеде бекітілді.
Сонымен қатар, «Құқықтық қорғау және заң қызметтерін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі, заңгер Гүлнұр Керейқызы Қойшыбекова және медицина қызметкерлері құқықтарын қоғамдық қорғаушы, медициналық қоғамдастық тәуелсіз консалтингінің директоры Дәурен Сайрамғазыұлы Нұрсапанов жұмыс барысында медицина қызметкерлерінің құқықтарын қудалаудан қорғау туралы ақпарат берді. Медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысында кездесетін жанжал түрлері қарастырылып, олардан қорғану туралы ұсыныстар берілді.
Талқылау кезінде қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар соңында қатысушыларға оқудан сәтті өткені туралы сертификаттар табысталды.
Семинар қатысушылары дәріскерлерге қызықты және мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді.