Кәсіподақ мүшелігін ынталандыру вебинары
2022 жылғы 23 қарашада Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясының (МКПРЗ) ұйымдастыруымен «Ұрпақтар теориясы аясында кәсіподақ мүшелігін ынталандыру» тақырыбына вебинар өтті.
Вебинарға Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясына мүше ұйымдарының басшылары мен олардың аумақтық кәсіподақ ұйымдары қатысты.
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағынан Төрағаның орынбасары мен филиал төрағалары қатысты.
Спикер – Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының аймақтық қоғамдық ұйымының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Анна Сигурова. Ол кәсіподақ қатарының өсуі мен құрылымдарының нығаюына, еңбек ұжымдарындағы кәсіподақ ұйымдарының беделі мен ықпалының артуына әсер ететін жұмыс түрлері мен факторларын, жұмыс әдістерін таныстырды.
«AQNIET» Кәсіподағы дәріскерге мазмұнды вебинар-тренинг үшін алғыс білдіреді.