Серік Сабыржанұлын мерейтойымен құттықтаймыз

Серік Сабыржанұлы Балгазаров еңбек жолын в 1981 жылы Целиноград медициналық училищенің «фельдшер» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, медициналық жедел  жәрдем бригадасының фельдшері ретінде бастады.

1981-1983 жылдары Кеңес әскерінің қатарында қызмет етті.

Әскери қызметтен соң Целиноград мемлекеттік  медициналық  институтының (ары қарай – ЦММИ) күндізгі дайындық бөлімшесіне тыңдаушы болып қабылданып, 1984 жылы емдеу факультетінің бірінші курсына қабылданды.

ЦМИИ оқу кезінде (1984-1990 ж.ж.) медициналық жедел  жәрдем бригадасының фельдшері қызметін қоса атқарды.

1991 ж. – 1993 ж. аралығында Краснознамен орталық ауруханасында хирург  дәрігер қызметін атқарды, 1993 ж. – 1997 ж. Целиноград облыстық  ауруханасында жедел шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесінің травматолог-дәрігері қызметінде жұмыс істеген.

1997-2001 ж.ж. аралығында Ақмола мемлекеттік медициналық институтында  «травматология және ортопедия» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.

2001 жылы  «Жаралы остеомиелитті кешенді емдеудегі имозимаза және лавасепті қатар қолдану» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001 ж. Травматология және ортопедия ҒЗИ (қазіргі – «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО» ШЖҚ  РМК )  «Ғылым» тарауы бойынша ірінді травматология бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Жұмыс барысында өзін парктикалық жұмыс пен ғылыми-оқытушылық қызметті сәтті атқаратын сауатты және жоғары біліктілікті маман, шебер ұйымдастырушы  ретінде танытты, 7 өнертаптқыш патентінің, 90-нан астам жарияланымның авторы,  практикалық және ғылыми-педагогикалық қызметті қоса атқарып жүр.

С.С. Балгазаров «травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер)» жоғары  біліктілік санатына ие. Үнемі біліктілігін көтеріп отырады, бірнеше рет жақын және алыс шетелдерде маманданудан өткен. Науқастарды емдеуде жаңаша жетістіктерді қолданады, операциялардың, сауығудың  жаңа әдістемелерін және травматизмнің алдын алу шараларын енгізеді.

Мейірімді, ұжымда әріптестері мен емделушілер арасында сыйлы. Оған ұқыптылық, парасаттылық қасиеттері тән. Астана мен ұйымдағы медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда игілікті істерді нәтижелі атқарып келеді.

Үйленген, үш ұл бала тәрбиелеп өсірді. Серік Сабыржанұлының жұбайы – Балгазарова Татьяна Антоновна, акушер-гинеколог дәрігер.

Отбасында династия туды: үлкен ұлы – Балгазаров Аманжол Серікұлы – травматолог-ортопед дәрігер, қазіргі уақытта «медицина» мамандығы  бойынша докторантурада оқиды, сонымен қатар клиникалық жұмыс атқарады.

Халыққа медицналық көмек көрсетуде көпжылғы адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін» марапаттарына ие болды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU