«Қазақстан Еңбек Конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевқа Үндеу жолдады.
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 2021 жылы 1 қазанда «Қазақстан Еңбек Конфедерациясы” республикалық кәсіподақтар бірлестігінің (бұдан әрі – Конфедерация) құрамына мүшелік ұйым ретінде кірді.
Конфедерацияның құрамына 12 салалық кәсіподақ және 3 аумақтық (Алматы, Ақтөбе, Қарағанды) кәсіподақтар бірлестігі кіреді. Конфедерацияға кіретін кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны шамамен 1 миллион адамды құрайды.
Конфедерацияның негізгі қызметі еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы және өкілетті билік органдарында мүшелік ұйымдардың өкілі болып табылады. Өкілеттік жұмыс тәртібімен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссиясы арқылы іске асырылады.