Құрметті әріптестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Қазақстанның, саяси, экономикалық және әлеуметтік қарқынды дамуы Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Әрбір қазақстандық үшін денсаулық ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан денсаулық сақтау жүйесіндегі нәтижелі және жүйелі шаралардың жүзеге асуы ел болашағының негізін айқындайды.
Халық денсаулығын сақтау мен нығайтудағы игі істеріңізге алғыс білдеремін.
Тұңғыш Президентімізге, сіздерге және жақындарыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілеймін!
Отанымыз-Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін!
Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен,
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық
сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы
Бақытжан Тәжібай