2021 жылғы 20 қазанда Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының (бұдан әрі – Кәсіподақ) кезектен тыс XIV съезі өтті, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен сайланған 38 делегат қатысты.
Съезге барлық дайындық іс-шаралары бір ай бойы өткізілді. Кәсіподақ активі съездің күн тәртібіменалдын ала танысып, көтерілген мәселелерге, атап айтқанда, олардың негізгісі – «AQNİET» атауының заңды бекітілуіне өз көзқарасын жолдады.
Делегаттар бірауыздан шешім қабылдап: президиум, хатшылық, есеп, мандаттық және редакциялық комиссиялар құрамын бекітті. Съезд жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай делегаттарға құттықтау сөзінде біздің Кәсіподақ мүшелерінің саны артып келе жатқанын және Салалық келісімге қосылған ұйымдарды ескере отырып, Кәсіподақтың қорғауындағы сала қызметкерлерінің жалпы саны 90 мыңға жуық адамды құрайтынын атап өтті.
Кәсіподақ соңғы жыл ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссияның қайта жаңғыртылуы түрінде институционалдық әлеуметтік әріптестікті қайта жандандырды. Кәсіподақтан Салалық комиссия құрамына 6 адам енгізілді. Қызметті ұйымдастыру бойынша негізгі құжаттарды және салалық комиссияның құрамын анықтау бойынша ұсыныстарды дайындау біздің Кәсіподақтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылды. Әлеуметтік серіктестері мен басқа кәсіподақтардың әріптестері біздің ұсыныстарымызды толығымен қолдады.
Кәсіподақ жергілікті атқарушы органдармен өзара белсенді іс-қимыл жасайды. Бұл күндері Ақмола, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында Кәсіподақ бастамаларын қолдаудың оң мысалдары жаңа бастауыш ұйымдарының құрылып жатқаны байқалады. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау ісінде Нұр-Отан партиясы мен Қазақстанның Халық партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарымен тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Кәсіподақ үшін ерекше оқиға – біздің «AQNİET» атауымен танылуымызда.
«AQNİET» халықтық атау ретінде «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» корпоративтік стиль элементтерін әзірлеу байқауының қорытындысы шығарылғаннан кейін, Кәсіподақ Атқару комитетінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 12 п.12 Қаулысынан кейін қолданыла бастады. Байқау 2020 жылдың 16 қарашасында жарияланған болатын.
Кәсіподақ Жарғысының 5.3-тармағына сәйкес Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясы, бастауыш ұйымның және Кәсіподақ филиалының тексеру комиссиялары туралы Ережелерді бекіту Кәсіподақ съезінің құзыретіне жататындықтан, Кәсіподақтың кезектен тыс XIV съезі шақырылып, съезд делегаттары «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ атауына дауыс берді.
Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай Кәсіподақтың кезектен тыс XIV съезінің жұмысын аяқтай отырып, делегаттарға сындарлы жұмысы, сондай-ақ кәсіподақ ұжымының уақыт сын-тегеуріндеріне жедел ден қоя білуі және кәсібилігі үшін тағы да алғысын білдірді.
«AQ» – қазақ тілінде ақ, адал, әділ, таза, күнәсіз, жазықсыз дегенді білдіреді. «NİET» сөзі – ниет, пейіл дегенді білдіреді. «AQNİET»- таза, жақсы ниетті білдіреді. Біздің Кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауды дәл осы ұстаным бойынша жүзеге асырады.
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!