Бүгін Қазақстанның жетекші ғалымдары мен шет ел ғалымдарының қатысуымен Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен «AQNIET» Кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының бірлескен қаулысына сәйкес «COVID-19. Қолайлы еңбек жағдайлары, эпидемияға қарсы режимді сақтау, әлеуметтік қорғау – персоналдың денсаулық қауіпсіздігінің кепілі» ғылыми практикалық конференция өтті.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Конференция жұмысына офлайн режимінде 30-ға жуық адам қатысты, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды медициналық ЖОО-нан 8 профессор қатысты.  18 презентация ұсынылды. Онлайн режимде 80-нен астам адам облыстың медициналық ұйымдары мен облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.  Ақмола облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары «Щучинский» шипажайы базасында онлайн режимде қатысты.

Конференцияда қаралатын тақырыптар Қазақстанның өңірлері үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өте өзекті. Денсаулық сақтау қызметкерлерін қорғау және олардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылау және шешу үшін қазіргі жағдайда шекара жоқ. Бұл мәселе географиясы мен тұрғылықты жеріне қарамастан бізді біріктіреді. Сондықтан да Конференцияның географиясы ауқымды. Коронавирустық Пандемия бүгінгі таңда өз түзетулерін жасап, диагноз қою, емдеу, алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибе жинақталды, сонымен қатар түбегейлі шаралар қабылдау үшін ақпарат алмасу өте маңызды болып отыр. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтік қорғау, жұмыс орындарындағы қолайсыз факторларды төмендету, уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейі, кәсіптік патология мен мүгедектікке жол бермеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері өзекті болып қала береді, бұл да кәсіптік тәуекелдерді төмендету бойынша қосымша шаралар әзірлеуді қажет етеді.

Конференцияда ғалымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қарар қабылданады.

«AQNIET» Кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының жұмысына жаңа жоба енгізілді: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы салалық келісімге сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің имиджін көтеру, моральдық және материалдық қолдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы мен Ақмола филиалының Атқару комитетінің бірлескен қаулысымен «Ақмола облысы денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері» атағын беру туралы Ереже бекітілді. Бүгінгі таңда бұл құрметті атаққа облыстың денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосқан 13 медицина қызметкері ие болды. Ережеге сәйкес бұл қызметкерлерге екі жылда бір рет санаторийлерде тегін сауықтыруға жолдама, жұмыс істейтін қызметкерлерге тоқсанына бір рет 15 АЕК-ке дейін сыйақы тағайындалады.

Қала әкімінің қолдауымен филиалға медицина қызметкерлерінің аллеясына жер учаскесі берілді, КВИ-дан мезгілсіз қайтыс болған медицина қызметкерлерінің құрметіне «Стелла» орнату бойынша бағдарлама, медицина қызметкерлерінің аллеясына Құрмет тақтасын орнату үшін кандидаттарды ұсыну қағидалары әзірленді.

 

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU