ҚДСҚСК коронавируспен күресуге қатысып жатқан медициналық ұйымдарға шлем-маскаларды жеткізуді жалғастыруда.
21 желтоқсанда Кәсіподақ өкілдері №4 және №10 қалалық емханаларға барып, маскаларды бастауыш кәсіподақ ұйымдарына тапсырды.
Естеріңізге сала кетсек, гуманитарлық көмек көрсету бойынша акция «BI Group» компаниясының «Бірлік» қорының қолдауының арқасында жүзеге асырылып жатыр.
Медицина қызметкерлерінің қолдауы үшін барлығыңызға алғыс айтамыз! Біз біргеміз!