Қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайлары бойынша әрекет жасау – кәсіподақтардың үш маңызды міндеттерінің бірі.
«Бірлік» қорының қолдауымен медициналық қызметкерлер үшін Ресей Федералды вирусология және микробиология институтының зерттеулерімен расталған сапа сертификаттары бар 1000 шлем-маска сатып алынды.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы шлем-маскаларды елордадағы медициналық ұйымдарға жеткізе бастады.
Бұл жолы шлем-маскалар №1 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық кардиохирургия орталығына тапсырылды.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Бірлік-2020» қайырымдылық қорына FFP3 классты HEPA фильтрі бар Бриз-4301М маскаларын сатып алуға көмектескені үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді. Жалпы сомасы – 20 млн. теңге. Сатып алынған маскалар пандемиямен күресуге қатысып жатқан астаналық медициналық ұйымдар арасында таратылады.
Біз «Бірлік-2020» қорына сәттілік, табыс және биік белестер тілейміз!
ЫНТЫМАҚТЫҢ ТҮБІ — ИГІЛІК!