1991 жылғы 1 желтоқсандағы оқиға – Қазақ КСР-нің алғашқы президентін сайлау – бұл еліміздің тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Бұл Қазақ КСР-інің Қазақстан Республикасына айналуына 9 күн қалғанда болған оқиға. Дәл осы кезеңде біздің халқымыздың өмірінде үлкен өзгерістер болып жатты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі – оның ұлттық байлықты қалыптастыруға, экономиканы және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға жағдай жасаудағы үлесі.
Біз Елбасына жаңа, әлі де қалыптаспаған мемлекетті басқарудағы батылдығы үшін, бейбіт саясаты үшін және басқа мемлекеттермен достық қатынас орнатқаны үшін алғыс айтамыз.
Осы мерекелік күнде қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік тілейміз!