Әлемдегі әйелдер санының үлесі 49,6% құрайды, ал әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жаһандық дамуда зорлық-зомбылық пен гендерлік дискриминация аштықтан да, аурудан да үлкен кедергі болып саналады.
Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық қазіргі кезде әлемдегі адам құқықтарын ең кең таралған және қиын бұзушылықтарының бірі болып табылады. Ол физикалық, жыныстық және психологиялық формаларда болады.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күнінде бүкіл әлемдегі кәсіподақтар үкіметтерді әлемдегі жұмыс саласындағы гендерлік зорлық-зомбылық пен қудалау дертін тоқтату үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 190-шы конвенциясын және 206-ұсынымын ратификациялауға шақырады (әлемдегі жұмыс күшінің 40% -дан астамы әйелдер). Әйелдер лайықты жұмыс үшін елеулі кедергілерге тап болып келеді. COVID-19 дағдарысы жұмыста да, үйде де зорлық-зомбылық пен қудалау қаупін жоғарылатып, қауіпсіз және сау, құрметке лайық жұмыс ортасын қамтамасыз ету үшін тиімді профилактикалық және қорғаныс шараларының маңыздылығын көрсетті.
Пандемия кезіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі кәсіподақтар жұмысының нәтижелері:
– тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін кәсіподақ өкілдеріне ұсыныстар берілді;
– тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қызметтерін қаржыландыруды ұлғайтуға қолдау көрсетілуде;
– тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана берілуде;
– ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде;
– үкімет пен жұмыс берушілердің алдыңғы қатардағы жұмысшыларға қатысты зорлық-зомбылық пен қудалау жағдайларының көбеюімен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақыру.
Бірақ бұл зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі кішкене ғана жетістік, сондықтан ХКК бүкіл әлем үкіметтерін 2019 жылы маусымда ХЕҰ-ның 100 жылдығына арналған 108-ші Халықаралық Еңбек Конференциясында жарияланған зорлық-зомбылық пен қудалаусыз бейбіт жұмыс жөніндегі міндеттемелерді орындауға шақырады.
https://www.ituc-csi.org/free-from-violence-and-harassment?lang=en
https://www.un.org/ru/observances/ending-violence-against-women