Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының корпоративтік стилі элементтерін (кәсіподақ ұйымының атауы, логотипі, ұраны) әзірлеу бойынша байқау жариялаймыз.

ҚДСҚСК корпоративтік стиль элементтерін дамытуға арналған байқауды ұйымның бірегей стилін қалыптастыру және кейіннен пайдалану арқылы кәсіподақтың қызметі мен имиджін кеңінен танымал ету мақсатында өткізеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – ағымдағы жылғы 23 қарашадан 23 желтоқсанға дейін.

Байқау үш номинация бойынша өтеді:

1) «Халықтық атау»;

2) «Кәсіподақтың логотипі»;

3) «Кәсіподақтың үздік ұраны».

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Ұсынылатын материал ҚДСҚСКО-на тән белгілерді, миссияны және мүддені қосымша жеткізуі қажет.

«Халықтық атау» номинациясына қатысу кезінде келесі критерийлерге ерекше назар аударылады:

a) жеңіл есте сақталуы;

b) ұйым қызметінің түрін жанама көрсете отырып басқа ұйымдар арасында ерекше бөліп көрсететін бірегейлігі;

c) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде теріс мағыналық ассоциацияларды тудырмайтын атаудың үндестігі;

d) атаудың графикалық өңдеу эстетикасы.

«Кәсіподақ логотипі» номинациясына қатысу кезінде келесі критерийлерге ерекше назар аударылады:

a) қазіргі қолданыстағы графикалық кескін элементтерін пайдалану;

b) қабылдаудың қарапайымдылығы, жеңілдігі және қол жетімділігі;

c) ұсынылған түс диапазондарының үйлесімділігі мен психологиялық компоненті;

d) оны кейіннен түрлі-түсті, ақ-қара, көлемді немесе тегіс қайта шығару кезінде сапасының жоғалмауы.

«Кәсіподақтың үздік ұраны» номинациясына қатысу кезінде келесі критерийлерге ерекше назар аударылады:

a) Кәсіподақ ұйымының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі.

b) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дыбысталу ықшамдылығы,

c) мәтіннің кәсіподаққа өзіндік сенім мен жағымды көзқарас тудыру ерекшелігі.

Байқау жобаларын жеке автор немесе авторлық ұжым әзірлей алады. Байқауға атауы,  идеясы, тұжырымдамасы, логотипі, слоганы, бойтұмары бойынша барлық номинацияларды біріктіретін жұмыстарды ұсынуға рұқсат етіледі.

Байқауға қатысу үшін мынадай материалдар мен құжаттарды ұсыну қажет:

  • белгіленген үлгідегі өтінімді;
  • 2 беттен аспайтын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі номинация бойынша жұмыстың қысқаша сипаттамасы;
  • жұмыстың электрондық нұсқасы:

* басылған мәтіндердің DOC/DOCX; PDF; PPT/PPTX форматында ұсынылуы.

* графикалық кескіндер (логотип, ұранның визуалды орындалуы) TIFF; JPG; PSD; CDR форматтарында ұсынылуы мүмкін.

Байқауға қатысушылар әр номинация бойынша байқау жұмыстарының шектеусіз санын ұсына алады. Байқау жұмыстары ҚДСҚСКО prof@zdravunion.kz электрондық поштасына жіберіледі.

Байқау жұмыстарын іріктеу және әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау Байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асады. Жеңімпаздарды анықтау кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

* ұсынылған материалдардың жарияланған мақсаттарға сәйкестігі;

* орындаудың бірегейлігі мен тартымдылығы;

* практикалық қолдану мүмкіндігі;

* есте сақталу қабілеті, ассоциативтілігі, әмбебаптылығы, технологиялылығы, нақтылығы, түс схемасы.

Байқаудың жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайды. Әр номинация бойынша жеңімпазға диплом мен 450 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы Орталық Кеңесінің аппараты.

Сұрақтар бойынша: +7 701 716 5881, Бауыржан.

Қатысуға өтінім – қазақ және орыс тілдерінде (екі тілдің біреуінде беруге болады)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК СТИЛЬ ЭЛЕМЕНТТЕРІН (ХАЛЫҚ АТАУЫ, ЛОГОТИП, ҰРАН) ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU