2020 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара Дүниежүзілік банктің әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы аясында 30-дан астам жетекші медициналық ұйымдардың, сақтандыру компанияларының, медициналық университеттердің, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

РДДО бас директоры Қанат Төсекбаевтың айтуынша, орталық медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр: қылмыстық-құқықтық жүйеден азаматтық кодекске дейінгі заңнамалық базаға талдау жасалды, халықаралық тәжірибе зерделенді және бүгінде осы саладағы жұмыс жалғасып келеді.

ҚДҚСКО төрағасы Бақытжан Тәжібай медициналық жағдайлар тұжырымдамасын анықтайтын нақты реттелетін нормалардың жоқтығы, сондай-ақ медициналық қызметкердің қызметін құқықтық бағалаудың көрсеткіштерін анықтайтын нормалардың жоқтығы сияқты проблемаларды көтеріп, кәсіподақ атынан кәсіптік жауапкершілікті сақтандырудың құқықтық моделін қалыптастыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. Кәсіподақ басшысының айтуынша, жарналарды төлеу жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылуы керек, ал мүмкін шешім – осы мақсаттарға арналған шығындарды ӘМСҚ тарифтеріне қосу. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы заң медициналық көмек көрсету кезінде немесе дәрілердің салдарынан қиын жағдайлардың пайда болуында пациенттің денсаулығына келтірілген барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге, пациентке зиян келтіргені үшін қаржылық және заңдық жауапкершілік қызметкерлерге қарсы шағымсыз заңды тұлғаларға жүктелуі керек. Ал жұмыс берушілер өз кезегінде сапалы медициналық көмек көрсету мен біліктілікті арттыру үшін лайықты еңбек жағдайларын жасаулары керек.

Сонымен қатар, кәсіподақ Қазақстан Республикасы медициналық қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың негізгі терминдерінің мазмұнын анықтауды ұсынды. Олар: медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі, сақтандыру жағдайы, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі бойынша сақтандыру келісімшарты, сондай-ақ осы келісімшарт бойынша сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда алушы, медициналық қызметкер, медициналық қызметкердің негізді тәуекел ету, медициналық қызметкердің кінәсі және т.б.

Жалпы алғанда, медициналық қызметкерлердің құқықтық, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізуді қолдай отырып, декриминализация үшін дұрыс және сенімді негіздемелер болуы өте маңызды, мысалы, негізді тәуекел ету, төтенше қажеттілік. Медициналық көмектің сапасын медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру және медициналық қиын жағдайлардың алдын алу арқылы жақсарту керек.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU