Атырау облыстық темір жол ауруханасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы Н.Д. Сарсенова ҚР денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасын еңбек ардагері, акушер-гинеколог К.В. Чендевке табыстады. Орталық Кәсіподақ Кеңесінің құрмет грамотасымен кәсіподақ белсендісі, мейірбике Н.Н. Хасанова марапатталды. АҚШ, Канадада оқу оқып, еңбек етіп жатырған қазақ жастары өздерінің туған жері Қазақстанға жіберген көмектері осы салтанатты шарада табыс етілді.
Дәрігерлер күнделікті тәжірибеде пайдаланатын тонометр, қашықтық термометрі, пульсоксиметр, оттегі көпшіктеріне дән риза. Мекеме басшысы Г. Т. Джакиева, бөлім меңгерушісі Б.Қ. Құлмұратов ұжым мүшелері атынан көмекті ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!