Құрметті достар!

Сіздерді «COVID-19 коронавирусымен күресте эпидемияға қарсы шараларға қатысатын денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау мәселелері туралы. Проблемалары мен болашағы» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

2020 жылы бүкіл әлем мен біздің аймақтағы денсаулық сақтау жүйелері үшін ДДҰ пандемия деп жариялаған жаңа коронавирустық COVID-19 инфекциясының таралуы қатал сынақ болды.

Пандемияға қатысты қазіргі жағдай медицина мамандарының адамдардың өмірін сақтаудағы үлкен рөлін көрсетті, сонымен қатар әлемдік және әр елдің денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы жүйелік кемшіліктерін анықтады, жаңа мақсаттар мен міндеттерді қойды, олар медициналық қызметкерлердің еңбегін, денсаулығы мен өмірін қорғауға, сонымен бірге оларға моральдық және әлеуметтік-экономикалық қолдауды ұйымдастыруға жоғары талаптарды қойды.

«Дөңгелек үстелдің» бірлескен жұмысына Қазақстан Республикасы министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдардың, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерлері қатысады, олардың қорытындылары бойынша ұсыныстар мен кеңестер әзірленеді.

Қатысушылар:

■ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

■ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

■ Халықаралық еңбек ұйымы

■ Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы

■ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

■ Еуропалық қоғамдық қызмет көрсету кәсіподақтарының федерациясы

■ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы

■ Практикалық денсаулық сақтау өкілдері

■ Коммерциялық ұйымдардың өкілдері

Форматы: дәстүрлі ашық және Zoom платформасында online. Қатысу үшін prof@zdravunion.kz электрондық поштасына деректерді жіберулеріңізді сұраймыз (аты-жөндеріңіз, жұмыс орны, лауазым, Ватсапп нөмірлеріңіз).

Күні мен уақыты: 2020 жылғы 23 қазан, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 1500-де.

Мекенжай: Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы, Нұр-Сұлтан қ., Иманов к. 13.

Сұрақтар бойынша: 8-701-705-29-88, Асылхан Сапақбаев.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU