20 қазанда Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай «Astana aqshamy» газетінің ұжымына, бас редакторы Еркін Қыдыр мырзаға газеттің 30 жылдық мерейтойына орай кәсіподақпен тығыз байланыста бірге қызмет атқарып, медицина қызметкерлерінің жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда осы саладағы өзекті мәселелерді газет бетіне жиі жариялап отырғандарына алғыс айтты. Кездесуге, сонымен қатар, журналист Айгүл Уайсова да қатысты. Екі жақ жылы тілектермен алмасып, Бақытжан Арынұлы «Astana aqshamy» газетінің бағыты айқын, еңбегі ерекше газет екенін айта кетті.
Газет ұжымына шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!