Ағымдағы жылғы 12 қазанда Көкшетау қаласында денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Ақмола облыстық филиалы Кеңес отырысын өткізді. Онда «Қазақстандық денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тәжібай Бақытжан Арынұлы сөз сөйледі. Ол COVID-19-бен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы шараларға қатысқан ұйымдардың қызметкерлерін қаржылай қолдау мәселелеріндегі біздің кәсіподақтың рөлі туралы айтты. Бағдарламаға сәйкес әрі қарай Ақмола денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ілиясов Сүлен Жеңісұлы сөз сөйлеп, жиналғандарға аймақтағы қазіргі жағдай туралы есеп берді. Сондай-ақ, күн тәртібінде қазіргі төраға Жанов Кенел Қалиасқарұлының зейнет жасына жетіп, қызметінен өз еркімен кетуіне байланысты денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындылары бойынша Ташметов Қасымжан Қалижанұлы сайланды (бірауыздан)! Кеңеске, сонымен қатар, кәсіподақтың Талдықорған филиалының төрағасы Шалтабаев Асан Мұқанұлы және басқа да отырыстың шақырылған қонақтары қатысты.
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!