Бүгін еңбек мерекесі! Пандемияға қатысты қазіргі жағдай сіздердің жұмыстарыңыздың қаншалықты маңызды және баға жетпес екенін көрсетті. Жарты жылдан астам уақыттан бері біздің дәрігерлеріміз бен мейіргерлеріміз өз денсаулығына және өміріне қауіп төндіріп, «алдыңғы шепте» жүр. Сіздер отбасыларыңызға және достарыңызға арнаған уақыттарыңызды құрбан етіп, бүкіл қоғамның денсаулығын сақтауға ұмтылдыңыздар. Бұл ел Президентінің Жолдауында да айтылды, ол дәрігерлер кәсібін материалдық тұрғыдан нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ медициналық инфрақұрылымды дамыту, медициналық орталықтар құру және сирек мамандарды даярлау қажеттігін атап өтті. Біз денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ретінде әрқашан жұмысшыларымыздың еңбек, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғауға тырысамыз.
Сіздерге, достар, осы мерекеде шын жүректен мықты денсаулық, мол қуаныш, керемет көңіл-күй, сәттілік тілейміз. Өмірлеріңіз жарқын және шырайлы болсын. Әрине, жұмысты да ұмытпауымыз керек, өйткені жұмыс барлығымызды біріктіреді. Сіздерге тағы молшылық, махаббат, үйлесімдік пен бақыт тілейміз, өсіп, өне беріңіздер, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!