Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Р. Қабдықапаров және Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы Н.Д, Сарсенова ЖШС «Стоматология» ұжым мүшелерімен кездесті. Кездесуде ең басты айтылған мәселе – жер шарын шарпыған тәжі вирусы індеті кезінде стоматологиялық көмектің қала тұрғындарына еш кедергісіз толық көлемде көрсетілгені.
Айта кету керек, карантин кезінде кызметкерлер өз қалауларымен ақысыз еңбек демалысына жіберіліп, мемлекеттен 42500 тенге алып отырды. Облыс орталығында стоматолиялық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған бригадада стоматолог дәрігерлер Нығметов А.Ө., Утепова Н.Х., аға мейірбике, кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Ю.Джумаханова, мейірбикелер Сидегалиева Н.Б., Бакалакова Г.Т. бастаған 10 қызметкер сырқаттарға мүлтіксіз қызмет көрсетті. Әсіресе, облыстық аурухананың хирургия бөлімі жабылғанда, басқа ауруханаларда көмек көрсетуге мүмкіншілік болмағанда, барлық бет жарақаттары, жедел көмектер осы жерде көрсетілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Р. Қабдықапаров денсаулық майданында ерлік танытқан әріптестерге шынайы алғысын білдірді. «Біз біргеміз» ұранына сай, облыстың денсаулық сақшылары бір адамдай індетті жеңе білді. Қазіргі таңда облыста эпидемиялогиялық ахуал тұрақтанғандығы туралы да айтылды. Ерекше атап өтетін жағдай, карантин кезінде жұмыс жасаған осы мекеме қызметкерлерінің бірде бірі дертке шалдыққан жоқ. Эпидемиялогиялық тәртіп қызметкерлер арасында да, келген сырқаттар арасында да қатаң сақталды. Қызметкерлер табандылықпен еңбек етті. Індет кезінде кәсіподақ комитеті бейнетаспа түсіріп, қызметкерлерге моральдық күш берді. Облыстық кәсіподақ комитеті карантин кезінде қызметкерлерге тамақтар жиынтығымен де, қаржылай да көмек көрсетті. Кездесу соңы марапатқа жалғасты. Облыстық денсалық сақтау басқармасының басшысы Н.Р.Қабдықапаров еңбектегі табыстары мен жетістіктері үшін,сонымен қатар тәжі вирусы пандемиясы кезінде табандылықпен, қажырлықпен біліктілігін көрсете білген стоматолог дәрігер Нығметов Алмат Өтепқалиұлына «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісін табыс етті. Марапаттар әлі де жалғасатыны атап айтылды.
Мекеме директоры Б.М. Мұхамбетов келген қонақтарға ұжым атынан ризашылығын білдірді.
_____
Гүлжан Джумаханова
ЖШС «Стоматология» кәсіподақ комитетінің төрайымы