Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің дамуы мен өркендеуінің мықты кепілі. Ата Заңымыздың аясында құқықтық, зерделі мемлекет орнатып, әлемнің біраз елдерімен жан-жақты саяси-экономикалық тең дәрежелі қарым-қатынас қалыптасырдық, ірі реформаларды жүргізудеміз, демократиялық принциптерді ұстанып келеміз. Біздің де медицина саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыстарымыз да осы Ата Заңның негізінде орындалып келеді.
Қымбатты отандастар! Сіздерге амандық, ашық аспан, бейбітшілік өмір, әр шаңыраққа бақыт пен береке тілейміз!
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!