Құрметті әріптестер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Бүгінгі таңдағы дүние жүзін сілкіндерген коронавирус індетін тоқтату мақсатында еліміздегі барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, жалпы алғанда, бүкіл адамзат ауқымды іс-шаралар атқарып отыр.
Бұл нәубетке қарсы Қазақстанда да нақты шаралар ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев елімізде төтенше жағдай жариялады, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Аймақтық атқарушы органдар індетке қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларды қолына алды.
«Біз біргеміз» акциясы аясында қаржы топтастырылып, бизнес құрылымдарының өкілдері қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, еріктілер мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде. Елім деген жауапты азаматтар нұсқауларға еріп, індеттің таралуын алдын алу үшін үйлерінен шықпай отыр.
Эпидемияға қарсы шараларды атқарып жатқан денсаулық сақтау қызметкерлерін тәуекелдік үш топқа бөліп, оларға үстеме төлеуге шешім қабылданды. Оларды ұжымдық және жеке сақтану саймандарымен, құралдарымен, демалыс орындарымен қамтамасыз ету үшін шаралар орындалуда.

Бұл күтпеген зауалға қарсы тұруда денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің, әсіресе жұқпалы аурулар дәрігерлерінің, эпидемиологтардың еңбегі ерен. «Адам жанының арашасылары», «Ақ халатты абзал жандар» деген қанатты сөздерді бүгін сіздер толығымен ақтаудасыздар.
Сіздер күндіз-түні, уақытпен санаспай, отбасыларыңыздан оқшауланып, науқастарды емдеп, коронавирустың халық арасында әрі қарай тарап кетуіне қарсы тұрып, алдыңғы шепте жүргендеріңізді көпшілік жақсы біледі. Сол үшін сіздерге жүректерінен шыққан жылы сөздерін, тілектері мен алғыстарын айтуда. Келешекте елімізде медицина қызметкерлеріне деген құрмет пен абырой лайықты сыйлы дәрежеде болатынына күмәнсіз қараймыз. Дәрігерге деген елдің алғыс-лебізі жайдары мінезді, мәдениетті, әдепті, жоғары ұқыпты, ізгі қасиетті, зиялы ойлы, өз ісіне берілген, тынымсыз еңбек жасайтын жандарға арналады.
Біздің салалық кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділері медицина қызметкерлерінің пікірлерін үкіметке жеткізіп, ұсыныстарын беріп, нәтижелі шешімдер алуда, аумақтарда және мекемелерде құрылған комиссиялардың, жұмысшы топтардың құрамында індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға, қызметкерлердің мүддесін қолдауға белсенді түрде қатысуда, оларға жан-жақты материалдық және рухани қолдау көрсетуде.
*
Құрметті әріптестер, Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында коронавирусты жеңуге, өздеріңіздің індеттен аман болуларыңызға, отбасыларыңызбен тезірек қауышуларыңызға тілектеспіз!
Сіздерді жалған ақпараттар жетегінде кетпеуге шақырамыз, зауалды ауыздықтайтындарыңызға кәміл сенеміз, қиын-қыстау кезеңде жақсылықтың жаршысы болайық.
Елімізге келген індетті жеңеміз, себебі біз біргеміз!

———————————————

Салалық кәсіподақтың Атқару комитетімен 2020 жылдың 9 сәуірінде қабылданды

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU