Дүние жүзін дүр сілкіндірген коронавирус індетімен күрестің алдыңғы қатарында еңбек етіп жатқан әріптестеріміздің ішінде Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы Ақтөбе филиалылының қызметкерлері де бар. Бүгін мемлекетіміздің Президенті олардың еңбектерінің үлкен жетістігі – қысқа мерзімде халықаралық стандарттарға сай қажет тест жүйесін жасап шығарғаны, соның арқасында көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығы сақталып қалатыны туралы мақтанышпен айтып, құттықтаған болатын.
Осындай жақсы жаңалықпен бөлісіп, қолдау көрсету мақсатында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы ретінде Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, орталық ұжымымен кездесуге бардым.
Күнделікті қажет сапалы гигиеналық заттарды, жеміс-жидектер мен дәрумендерді сыйлап, мекеме қызметкерлерінің, жалпы медицина жұмыскерлерінің жасап жатқан жұмыстары осы індетті тезірек жоюға ықпалдарын тигізеді деген сенім білдірдім.
Мекеме басшысы Жайдар Құрманов пен кәсіподақ төрайымы Шынаргүл Сарсембаева кәсіподақтар тарапынан әрдайым ұжымда өткізілетін іс-шараларға көңіл бөлініп, қолдау тауып отыратындарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Лаура Жазықова, “Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU